Жаңалықтар 

Кәсіпкерлерге кедергі келтіргендер жауапқа тартылды

Кәсіпкерлер құқығы қорғалады. Жыл басынан бері кәсіпкерлерге қатысты 500-ден астам заңсыз тексеру фактісі анықталған. Қадағалау органы іскер азаматтардың кәсібіне кедергісін келтірген лауазым иелерін жауапкершілікке тартты. Бұл туралы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында облыстық прокуратура жанынан құрылған жедел топтың басқосуында мәлім болды.

отчет-прокурор-2Жыл басынан бері прокуратураның сенім телефонына құқығы аяқасты болған 21 кәсіпкерден хабарлама түскен. Олар бойынша 4 бірдей қылмыстық іс қозғалып, бизнеске кедергі келтіргендер жауапқа тартылды. Мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз атанып, алайда, тиісті қаражатқа қолы жетпей жүргендер де қадағалау органы қызметкерлерінен араша сұраған. Айта кетейік, жедел топтың араласуымен кәсіпкерлерге қатысты тексерулер біршама азайып, іскер азаматтардың ісін дөңгетуіне жол ашылған.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz