Жаңалықтар 

ОҚО-да өткен ҰБТ-ның көрсеткіші

24-012

24-013

 

24-014

Айтпақшы…

Мектептердің аты ауысады

Оңтүстік өңірдегі бірқатар білім мекемелері жаңаша атауға ие болмақ. ОҚО әкімінің орынбасары С.Қаныбековтың төрағалығымен өткен облыстық ономастика комиссиясының отырысында осындай мәлімдеме жасалды.

Шымкент, Түркістан, Арыс қалалары мен Мақтарал, Ордабасы, Отырар, Түлкібас аудандарындағы білім және мәдениет мекемелеріне атау беру және олардың атауларын өзгерту жөніндегі ұсыныстар жан-жақты қаралған отырыстың қорытындысында «Шапағат», «Парасат», «Шамшырақ», «Ұлағат», «Алаш жолы» сияқты атауларды беру ұсынылды. Бұл атауды әсіресе, кеңестік дәуірден қалған есімдерді иеленіп келген және атауы жоқ білім мекемелері иеленетін болады. Бұл ұсыныстар республикалық комиссияның қарауына жолданды.

Артық болмас білгенің

Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл оныншы рет өткізіліп отыр. Осы жылдар ішінде 1,5 миллионға жуық оқушы сынның осы бір жүйесі арқылы өз білімдерін таразыға салған. 2-9 маусым аралығында өткен сынға республика бойынша 92 077 түлек (мектеп бітірген оқушының 72 пайызы) сынға қатысуға өтініш білдіріп, 155 тест тапсыру пунктінде сынақ тапсырды. Биылғы тестілеу форматы былтырғыдай, өзгеріссіз болды. Тек берілген тапсырмаға қосымша 14 238 тест дайындалып, жалпы сұрақ саны 176 мыңға жеткен.

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz