Оқыс оқиға 

Оңтүстікте тағы да 2 жеткіншек суға кетті

Оңтүстікте тағы да тілсіз жаудан 2 бірдей адамның адам өлімі тіркелді. Отырар ауданында Арыс өзеніне 15 және 13 жасар екі жасөспірім суға батып кетті. 10-маусым күні мәйіттерді судың түбінен Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің судан құтқару қызметкерлері шығарды. Айта өтейік, жыл басынан бері облысмызда 17 адам суға кеткен. Оның  – 13-і кәмелет жасына толмаған балалар.

ОҚО-да жыл басынан бері 17 адам суға кеткен
 

Орынбасар Төртбаев, ОҚО ТЖД суда құтқару қызметінің басшысы: “Жағадан 2 адамның киімі табылды. Бірақ, өздерін нақты көрген ешкім жоқ. Сол себептен іздестіру жұмыстарын жүргізіп, келесі күні, яғни, 10-маусым күні сағат 15:45-те және 15:50-де 2 баланың мәйітін судың астынан біздің сүңгуірлер алып шықты. Қайғылы оқиғаның орын алу себебі – біздің сұрастыруымыз бойынша – біреуі суда жүзе алмайды екен. Екіншіден, ол жерде құтқарушылар жоқ. Және өзеннің ағысы өте жылдам және қатты.”

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz