«Оңтүстік көркі – Красота юга». Облыстық туризм басқармасы облыстағы қолөнер шеберлері мен қолданбалы зат жасаушылардың облыстық көрмесін өткізді.
Жасұлан Төлебеков, облыстық туризм басқармасының бас маманы: «Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бізде ішкі туризм өткен жылдармен салыстырғанда 50 пайызға өскен. Мұны әр жылға шақсақ, жыл сайын аталған саланы 30 пайызға дамытып отырмыз деген сөз. Мәселен, тек Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне күніне мыңдаған адам келеді екен. Бірақ онда есеп жүрмеуіне байланысты 100 адам ғана есепке алынуы мүмкін. Қалғаны есептелмейді. Осыған байланысты, біз әрбір тарихи-танымдық нысандарға «туристік карта» ұсынып отырмыз. Дәл сонда туристердің нақты саны жазылатын болады. Егер осы есепті дұрыс іске асырсақ, біздегі ішкі туризмнің даму қарқыны одан әрі жоғары көтеріледі. 2014 жылы осындай картаның есебінен біздегі ішкі туризм деңгейі 70 пайызға жетеді деп болжап отырмыз».
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=419HyZMPA68[/youtube]