Жаңалықтар 

Облыстық “Жайдарман” ойыны өтті

Шымкентте Халықтар достығы үйінде “Жайдарман” әзілкештерінің облыстық ойыны өтті. Мектептің жоғары сынып оқушылары арасында өткен байқауға 15 құрама жолдама алыпты.

“Түлкібас жастары” құрамасы әзілдерін ә дегеннен-ақ көңілді биімен бастады. Құрылғанына небәрі бірнеше айдың жүзі болған құрама “Жайдарманның” сахнасында алғаш рет өнер көрсетіп отыр. Бұған қарамай ауылдың тыныс-тіршілігі мен мектептегі жағдайларды әзілдеріне арқау етіп, көптің көңілін баурап алды.

"Түлкібас" құрамасы
“Түлкібас” құрамасы
"Түлкібас" құрамасы үшін бұл ойын дебьют
 

“Түлкібас жастары” құрамасы: “Сахнада ойымыздағыдай өнер көрсеттік. Енді, алғаш рет үлкен сахнаға шыққан соң, қобалжу болғанын жасырмаймыз. Бірақ, алдын ала әзірлеген ойынның ешқайсысын ұмытпай, ұсына алдық. Ал біздің әзілдің өзгелердіңкінен ерекшелігі асып-таспаса да, өзіндік бағытымыз бар. Мәселен, біздің құрама көбіне ауыл тіршілігін әзілге қосамыз. Қарапайым өмірді сахналаймыз. Расын айтқанда бүгінгі ойынды да біз ауылдағы саябақта әзілдедік. Сол маңда отырып, жан-жағымызға қарап, өзімізге қызықты болған жәйттерді қостық.”

КТК кешін талантыт жас Тағай жүргізді
КТК кешін талантты жас Тағай жүргізді

Көрермендердің қарасы қалың

“Мақтаарал”, “Ордабасы”, “Шулы қыздар” сынды ауыл-аймақтардан келген құрамалардың әзілін 5 адамнан құралған қазылар алқасы бағалап отырды. Жас әзлкештердің әзілін бұлардан бөлек көрермен де таразылайды. Залдағы көрермен күлкіге қарқ қылған “жайдарманшыларға” дән риза.

Сәбира Байзақова, көрермен: “Халықтар достығы үйінде көбіне республикаға танымал КТК ойыншыларының ойыны өтетін. Ал ауыл-аймақтан келген өнерпаздардың ойынын алғаш рет тамашалап отырмын. Сондықтан, жас таланттарға сәттілік тілеймін! Көрермен ретінде ойынға “5” деген баға берер едім. Әсіресе, “Өзіміз ғой, өзіміз” деген құрама қоғамдағы бар мәселелерді әзілмен әдемі жеткізе білді.”

КТК ойынына 15 құрама қатысты
КТК ойынына 15 құрама қатысты

“Жайдарманның” бұл жолғы ойынының ерекшелігі жас құрамалардың сахнада тұсауының кесілуі болады дейді ұйымдастырушылар. Айтуларынша, ақтық бәсекеге іріктеу шарасы 1 ай бойы өрбіген. Айтпақшы, осынау КТК ойынын облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен “Жастар шыңы” қоғамдық бірлестігі қолға алып, ұйымдастырды.

Бас жүлдені "Шулы қыздар" құрамасы жеңіп алды
Бас жүлдені “Шулы қыздар” құрамасы жеңіп алды

Сонымен, аудан-ауылдардан келген 13 құрама қатысқан сайыс мәресіне жетті. Бірінші орынды Сайрамнан келген “Шулы қыздар” құрамасы жеңіп алса, 2-орын төлебилік таланттар – “Ертас” құрамасының еншісінде. Ал жүлделі үшінші орыннан Арыс қаласынан келген жас өнерпаздардың “Өзіміз ғой, өзіміз” құрамасы көрінді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz