Жаңалықтар 

Шымкентте апелляцияға жүгінген талапкерлер аз

5-маусым күні Шымкенттегі 3 бірдей жоғарғы оқу орнында таңғы сағат 9-дан бастап тестілеу көрсеткіштеріне көңілі толмаған талапкерлер үшін апелляциялық комиися жұмыс жасады. Айта кету керек, биыл мұнда жылдағыдай у-шу, абыр-сабыр орын алған жоқ. Тіпті, апелляциялық шағымның көмегіне бірнеше адам ғана жүгініп отыр.

Аппелияциялық комиссия таңғы сағат 9-00-ден түскі сағат 14-00-ге дейін шағым қабылдайды
Комиссия таңғы сағат 9:00-ден түскі сағат 14:00-ге дейін шағым қабылдайды

Арнайы комиссия мүшелерінің сөзіне сенсек, бірінші тестілеудің өзінде 79 адам жауапты қайта тексеруге шағымданған, бірақ оның екеуінің ғана арызы Астана қаласындағы ұлттық тестілеу орталығына жіберіліпті. Әзірге ешбір шағым қолдау тапқан жоқ. Талапкерлердің басым бөлігі математика пәні бойынша тексеруге арызданып отыр дейді комиссияның төрағасы.

Талапкерлердің көбі математика пәні бойынша арызданыпты
Талапкерлердің көбі математика пәні бойынша арызданыпты

Сұлтан Қаланов, апелляциялық комиссияның төрағасы: «Математика — анық және өте күрделі ғылым. Оның тесттегі тапсырмасы қате деп айту, оны дәлелдеу қиындау. Тест сұрақтары мен жауаптары талай рет тексерілген. Сондықтан қателік кетуінің өзі кемде-кем деп ойлаймын.»

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz