Жаңалықтар 

Төрт адамды өлтірген азамат өмір бойы түрмеге қамалды

Шымкентте аса ауыр қылмыстық іске қатысты соттың шешімі шықты. 40 жастағы азамат төрт адамды өлтіргені үшін өмір бойы абақтыға жабу жазасына кесілді.

Айыпталушы
Айыпталушы

Бұл ауыр қылмыс 2014 жылдың 26-ақпанында орын алған болатын. Қабанбай батыр даңғылы бойындағы үйдің бірінде қанды оқиға орын алды. Күдікті екі отбасының адамдарын еш шімірікпестен өлтіріп салған. Содан кейін полиция қызметкерлері келіп қалғанда, өзіне-өзі қол жұмсамақ болады. Дегенмен, тәртіп сақшылары күдіктінің ойын жүзеге асыруына жол бермей, ұстап алады.

Тергеу барысында айыпталушы марқұмға алтын бергенін айтқан. Соның ақшасын осы уақытқа дейін ала алмапты. Осыған байланысты туындаған жанжалдың соңы қанды қырғынмен аяқталып отыр.

Үкімді ауданаралық мамандандырылған қылмыстық соттың судьясы Әбинұр Қарабаев оқыды. Сонымен, сот айыпталушыны өмір бойы абақтыға жабу жазасына кесті.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz