Жаңалықтар 

Жерасты өткелдері салынады

23-0042014 жылы облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен көшелерінде де қайта жаңарту, күрделі, орта және ағымдағы жөндеу, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұған бюждеттен 18 987,5 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Бұл қаржыға 186 нысанның құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Яғни, облыстық маңызы бар 130,8 шақырым жол мен 13 көпір, аудандық маңызы бар және елдімекен көшелерінде 175,1 шақырым жол мен 2 көпірге құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ролан Ибрагимов, Оңтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

– Басқарма Шымкент қаласындағы 3 жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысы, 4 үлкен көшені және Қапал батыр көшесінен өтетін өткелді қайта жаңартуды көздеп отыр. 

Қала ішінде 10 мөлтек ауданның көшелеріне жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Атап айтсақ, «Достық», «Достық-2», «Ынтымақ», «Самал», «Жайлау», «Қайтпас-1», «Солтүстік-батыс», «Шұғыла», «Бозарық», «Қатын көпір» шағын аудандары. Ленгер тас жолының құрылыс жұмыстары жалғасады.

Облыстық басқарманың берген мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында ағымдағы жылы үш жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелі салынады. Оның бірі «Республика» даңғылы бойындағы «Колос» базарының маңынан түссе, екіншісі Т. Рысқұлов көшесі бойындағы «Евразия» базары, тағы бірі «Дендросаябақ» маңынан салынады. Сарыағаштан Монтайтасқа апаратын КХ-11 «Сарыағаш-Жылға-Монтайтас-Рабат-Ленгер» автомобиль жолының 30 шақырымының жаңарту жұмыстары аяқталады.

Ақмарал Молдиярқызы

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz