«Мирас» университетінің түлектері диплом алды

800
"Мирас" университетін 97 магистр тәмамдады

Шымкентте жоғары білімді жастардың қатары көбейді. Қаламызда маман тәрбиелеуде жоғары жетістікке жетіп жүрген «Мирас» университетін биыл 97 магистр мен 1275 бакалавр тәмамдап отыр.

Жоғары білімін дәлелдейтін құжат. Жылдар бойы күткен жеңісті сәт. Ақ-тілек құттықтаулар мен марапаттаулар. Мұндай құрмет-ықыластың барлығы да «Мирас» университетінің түлектеріне арналды. Салтанатты кеште жоғарғы оқы орнын ғана емес, магистратураны да үздік тәмамдаған жас мамандардың жетістігі ұстаздар қауымының мерейін асырды.

Ұлболсын Төрегелдиева

Ұлболсын Төрегелдиева, «Мирас» университетінің түлегі: «Бүгінгі менің әсерім өте керемет, қуаныштымын. Мен осы «Мирас» университетінде педагогика және психология мамандығын меңгеріп шықтым. Магистрант атандым. Ұстаздарыма мың алғыс! Қазіргі уақытта қаламыздағы университеттер жұмысқа шақырып жатыр. Бірақ әлі қайсысына қызметке баратынымды шешкен жоқпын. Алдағы уақытта мен де үздік шәкірттер тәрбиелейтініме сенемін.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=AVb8Jw4vHJQ[/youtube]

Осынау мерекелік шарада жоғары білімін дәлелдейтін құжат «Мирас» университетінің 97 магистрі мен 1275 бакалаврына табысталды. Түлектердің үздік нәтижелерге қол жеткізіп, республикалық-халықаралық сайыстарды биіктен көрінуі және жүздеген шәкірттің үздік дипломдарды иемденуі – жоғарғы оқу орнының жетістігін таразыласа керек. Бұған қоса «Мирас» университеті әр жылы маман тәрбиелеуде үздіктер сапынан табылып, беделі артып келеді.

"Мирас" университетін 97 магистр тәмамдады
«Мирас» университетін 97 магистр тәмамдады

Сәкен Құралбаев, «Мирас» университетіндегі магистратура бөлімінің меңгерушісі: «Біздің түлектер диплом алмай жатып-ақ университетке қаламыздағы банктердің және өндіріс орындарының басшылығы мамандарға сұраныспен келіп жатты. Оқуда озат болып, жетістікке жеткен жастардың тізімін де сұрап келетіндер көп. Бізде қазіргі уақытта көптеген мекемелермен өзара келісім-шарт та бар. Сондықтан «Мирастың» түлектері жұмыссыз қалмайды деп үлкен сеніммен айта аламын.»

Айта кетейік, бүгінде 17 жылдық тарихы бар «Мирас» университетінің жеті мыңнан астам студенті бар. Және қаламызда үлкен беделге ие оқу орны бүгінде экономика, құқықтану, педагогика, және техникалық бағыттар бойынша талапкерлер қабылдайды. Қабылдау комиссиясы түлектерді Ғания Іляев көшесі, №3 үйде күтеді.