Шымкентте деректерді өңдеу орталығы ашылды

Орталықтың негізгі міндеті – еліміздегі мемлекеттік органдарға хостинг қызметін көрсетіп, яғни, ғаламтор желісіндегі шаруаларды атқарады.

Деректерді өңдеу орталығыШымшаһардың төрінен тұсауын кескен орталық сапа стандарттарына сай. Және қауіпсіздіктің 4 деңгейінің 2-деңгейіне сәйкес келеді.

Деректерді өңдеу орталығы бағдарламалық-ақпараттық кешенге залал келтіруден, мәліметттерді рұқсатсыз пайдаланудан сақтайды.

Аталған жоба бүгінде Шымкенттен басқа Қазақстанның 6 қаласында – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау, Өскемен және Талдықорғанда жүзеге асырылған.