Болашақ аналар құжаттарына мұқият болуы тиіс!

653
Толғатқан ана перзентханаға қабылданбай емханада қиналып отыр

Шымкентте тағы бір жас ана тұңғышын дүниеге әкелді. Оның несі жаңалық десеңіздер…

Ақтас ауылының тұрғыны – 20 жастағы Ләззат Кішкінбаева перзентханаға бірден қабылданған жоқ. Мәселенің бәрі осы сәттен басталды. Перзентханадағы дәрігерлер жас ананың құжаттары толық емес десе, ол тіркеуде тұрған емхана дәрігерлері мұны жоққа шығарды.

Толғатқан ана перзентханаға қабылданбай емханада қиналып отыр
Жас келіншекті толғақ қысуда

Айгүл Мырзаева таңертеңнен перзентхана табалдырығын тоздырған. Қызының толғағы басталғалы өзінен де, жас анадан да маза кеткен. Айтуынша, перзентхананың дәрігерлері жүкті ананы бірден қабылдамапты.

Гүльбану Сыздыкова, Шымкент қалалық №2 перзентхананың бас дәрігері: «Біз айтолғақпен перзентханаға қабылдамаймыз. Ләззатың жағдайы осындай болды. Біз оны құжаты толық болмағаны үшін қайтарған жоқпыз.»

Ләззат жүктілігі барысында Қазығұрт шағынауданындағы емханада тіреуде болған. Мұндағы дәрігерлердің айтуынша, жас келіншектің құжаттары түгел. 6-тамыз күні ол соңғы медициналық сараптама нәтижелеріне келуі керек болған.

Айжан Даниярова, қалалық № 11 емхананың бас дәрігерінің орынбасары: «Ол барлық медециналық тексеруден өткен. Бірақ соңғы рет нәтижелері үшін келмеген.»

Аяғы ауыр әр жүкті әйелдің жүктілікті алмастыру картасында медициналық бақылау кезіндегі құжаттардың барлығы болуы тиіс. Осының нәтижесінде жүкті әйелдің қай перзенханада босанатыны анықталады. Егер бұл құжат толық болмаған жағдайда жүкті әйел өзімен қоса дәрігерлерді де әбігерге салады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-VgZcB-Cvh8[/youtube]

Айгүл Мырзаева, Ләззатың анасы: «Біз сағат 08:25 шамасында №2 перзентханаға бардық. Жалпы 3 сағат, перзентханада – 2 сағат, жедел жәрдем көлігін 1 сағат күттік. Мұнда келгенде түскі сағат 1-ден кетті. Бұл жерде де КДБ сұрады. «Ондай жоқ» деп жауап берді алып келген гинеколог. «Онда біз қабылдамаймыз» деді. Бұл жерге тілшілер келіп, айқай-шу болғанын көріп, дәрігерлерді шақырып амалсыз қабылдады.»

Абырой болғанда осы емханадан Ләззат Кішкенбаеваны жедел жәрдем көлігі №2 перинаталдық орталыққа шұғыл жеткізді. Абырой болғанда күні бойы емдеу орындарының арасын жол еткен келіншек кешкісін салмағы 2 келі 800 грамм келетін ұл босанды.