Кәсіпкерлеріміздің Еуропаға сапары кезінде көптеген келісімдер жасалды

Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері мол. Оңтүстіктің кәсіпкерлері осы мүмкіндіктерімізді түсіндіру үшін Чехия, Польша және Венгрияға бизнес сапарын ұйымдастырды.

Кәсіпкерлер Шығыс Еуропада

Шығыс Еуропаға жасалған саяхат барысында біздің бизнесмендер түрлі саланы дамытуға атсалысып жүрген 250-ге жуық ірі кәсіпкерлермен бизнес-форумдар өткізіп, табысты келісімдерге қол қойысты.

Мысалы, екіжақты кездесулер қорытындысы бойынша чехиялық «ЭсЭйч Энерджи технолоджис» және оңтүстікқазақстандық «Аллегеум груп» компаниялары арасында жылу электр стансасын, жылу электр орталығы мен су электр стансаларын жаңарту және облыстағы күн электр стансасы мен желді саябақтардың құрылысы жобаларына қатысу бойынша келісімдер жасалды.

Кәсіпкерлер Шығыс Еуропада

Кәсіпкерлер Шығыс Еуропада

Сонымен қатар облыс әкімдігі мен венгриялық «ДиАйЭм Тэк» компаниясы инновациялық жүйе қолдану арқылы көшелерді жарықтандыруды жаңарту жобасына қатысу мүмкіндігі туралы келісімге келді. Жеңіл өнеркәсіп саласында Еуропаның екі «Маркт-2000 ДжиЭмБиЭйч» және «Хирош Фусзерек» атты компаниясы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асатын мақта жіптерінің өндірісіне инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Польшалық кәсіпкерлермен өткізілген келіссөздер барысында Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында Қазақстан-Польша сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесе жүзеге асырылатын индустриалдық аймақ құру пилоттық жобасы талқыланды. Бұл жобаның басты мақсаты – азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу, тоңазыту мен сақтауды қамтитын азық-түлік кластерін дамыту. Осы күзде польшалық кәсіпкерлердің облысқа сапары жоспарланған. Сол кезде болатын кездесулер барысында жобаға қатысты нақты мәселелер шешілетін болады.

Өткізілген барлық форумдар қорытындысы бойынша облысқа инвестиция тарту, жаңа технологияларды ендіру және де мақта жіптерін өндіру бойынша 7 меморандумға қол қойылды.

Кәсіпкерлер Шығыс Еуропада

Кәсіпкерлер Шығыс Еуропада