Болашақ Олимпиада чемпиондарын жүзу спортының бапкерлері де іріктеуде. Су спорт кешенінде жаңа оқу жылына іріктеу науқаны жүруде. Ашылғанына екі жылдан енді асқан спорт ордасының алғашқы қарлығаштары республикалық сынақтарда топты жарып отыр. Сол себепті жүзумен кәсіби тұрғыда шұғылдануда ниет ететін жеткіншектер көп. Бүгінде 4 жаттықтырушы болашақ чемпиондардың шеберлігін шыңдауда. Олардың қатары — 134 бала.

Бауыржан Бөріқұлов, ОҚО су спорты кешенінің директоры: «Жазғы маусымда біз ақылы топтағы балалардың арасынан бірінші оқу-жаттығу тобына 36 бала қабылдап отырмыз.»

IMG_4245