Театр құрылысы аяқталып қалды

332
Театрдың жаңа ғимараты

Облыстық орыс драма театры жаңа маусымда жаңа ғимаратта бастауы мүмкін. Қазіргі уақытта мәдени ошақтың құрылысы қарқын алған. Айта кетейік, 500 орынға лайықталған театрдың құрылысына қазынадан 1,5 миллиард теңге бөлінген.

Театрдың жаңа ғимараты
Театрдың жаңа ғимараты

471

Театрдың жаңа ғимаратында құрылыс жұмыстары күні-түні, екі кезеңмен өрбіп жатыр. Екі гектар аумақта орналасқан нысанның құрылысында бүгінде 250-ге тарта жұмысшы жұмылдырылған. Мәдени орын 500 көрерменге арналған. Және екі қалталы сахнасы бар. Ең бастысы, сахнаның биіктігі талапқа сай, 30 метр.

Енді мұнда декарациялар емін-еркін қолданылады. Айтпақшы, оларды қалыпты сақтау үшін де арнайы қор бөлмелері де қарастырылыпты. Және өнер ұжымы үшін 42 орынды асхана да болмақ. Өткен жылдың қыркүйек айында басталған құрылыс жұмыстарына қазынадан 1,5 миллиард теңге қаралған. Енді нысан биыл қараша айында толық тапсырылуы тиіс.

Ғимарттың 70 пайыз жұмысы аяқталған
Ғимарттағы жұмыстың 70 пайызы аяқталған
Құрылысқа 250 жұмысшы жұмылдырылған
Құрылыста 250 жұмысшы жүр

Балғабай Нұрсейіт, учаске басшысы: «Театрдың құрылысында қазір ең соңғы заманауи техникалар қолданылуда және құрылыс материалдары да ең соңғы үлгілер дер едім. Қазір біз құрылыстың 70 пайызын аяқтап қалдық. Оның ішінде әрлеу, жылу жүйесі, өрттен қорғау жұмыстары деген сияқты. Енді 30 пайыз шаруаның ішінде мынау жабдық жұмыстары кіреді.»

Ал осы кезде облыстық орыс драма театры «Ханшайым мен орманшы» атты жаңа премьералық қойылымға дайындықты бастады. Дегенмен, өнер ұжымы қойылымды әзірге қайда сахнайтынын белгісіз деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ISl89x6nke0[/youtube]

Игорь Вербицкий, облыстық орыс драма театрының директоры: «Жаңа спектакльді опера және балет театрында, мүмкін, С.Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінде, бәлкім жаңа ғимаратта қоямыз. Мұның аныған білмей отырмыз. Себебі қазіргі ескі ғимаратта әлі 4 ай бойы күрделі жөндеу жұмыстары жүреді, ал жаңа ғимараттың орыс драма театрына берілуі әлі толық белгісіз. Ол нысанға қазақ театры көшуі де мүмкін деп естідік.»

Құрылысты қолға алған мердігер компания өкілдерінің сөзіне сенсек, жаңа нысанның кілті өнер ұжымына қыркүйек айының соңында тапсырылады деп отыр. Ендеше, жаңа қойылым жаңа ғимаратта саханалануы әбден мүмкін.