Театр ғимаратынан өрт шықты

349
мамандар арнайы техниканың көмегімен жоғары көтеріліп, тілсіз жаумен күресті

«Нұрсәт» шағынауданында бой көтеріп жатқан қазақ драма театрынан өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше ғимарат жаппасының біраз бөлігі жанып кетті. Алдын ала болжамға сәйкес, ұшқын дәнекерлеу жұмыстары кезіндегі қателіктен шыққан болуы мүмкін.

мамандар арнайы техниканың көмегімен жоғары көтеріліп, тілсіз жаумен күресті

Өрт сөндірушілерге тілсіз жаумен күресу оңайға түспеді. Арнайы техника жұмылдырып, өрт сөндірушілер жоғары көтерілгенше жаппаны қас-қағымда жалын шарпып кетті. Көмекке арнайы қызметтің үшінші көлігі келіп жеткен. Өрт үдей түскен сайын театрдың айналасына қарақұрым халық қаптапты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Te9_mlZI5HA[/youtube]

 

Бас-аяғы жарты сағаттың ішінде өрт сөндіру қызметінің мамандары жалынның бетін қайтарды. Жұмыс тобы қазір оқиға орнын тексеруге алып, өрттің шығу себебін анықтауға кіріскен.

өрт сөндіру қызметі жеткенше жаппаның біраз бөліні жанып кетті