Шымкентке литвалық дәрігерлер келді

153

Енді дәрігерлер бір-бірінің жасаған қателігінен сабақ алатын болады. Жергілікті дәрігерлердің біліктілігін шыңдауға келген литвалық мамандар осылай деп отыр.

009Өңірімізге оқытудың жаңа бағдарламасымен келген мамандардың айтуларынша, жаңа ұжымдық дәрістер ақ халаттыларды бірлесе жұмыс істеуге үйретіп, бір-біріне көмек қолын созуға бағытталған. Айта кетейік, оқытудың жаңа бағдарламасы аясында облыста жылжымалы 7 сынып ашылып отыр. Әр сыныпта 3 маман біліктілігін шыңдайды. Ал олардың әрекеттерін Литвадағы мамандар интернет арқылы бақылап отыратын болады.