Түркістан — Кентау тасжолы бойындағы «Арыс-Түркістан» каналының үстінде орналасқан көпір қайта жөнделіп, қолданысқа берілді. Екі қаланың арасын жалғайтын жалғыз көпір «Батыс Еуропа — Батыс-Қытай» автодәлізінің бойында орналасқан.
Кенді қалаға жол тартар бөлігіне арнайы белгі қойылып, көпірдің төрт бұрышы жарықтандырылды. Заманауи үлгіде қайта жарақталған көпір киелі шаһарға көрік беріп қана қоймай, қалаларалық байланысын нығайта түсті.
Алмазбек Бөбеев, Түркістан қаласының бас сәулетшісі: «Көпірді жөндеп қана қоймай, жанынан жаңа кешен тұрғызған кәсіпкерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Бұл үшін қомақты қаржы жұмсалған. Кешеннің «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автодәлізінің бойында орналасқанының ерекше маңызы бар. Мұнда тарихымыздан сыр шертер жәдігерлер қойылған».