Оңтүстікте 15 жасар қыз жоғалып, бір жарым ай бойы із-түзсіз кеткен. Оқушы қызды іздеуге полицейлерді қойып, прокуратура өкілдері кірісті. Сөйтіп қыз бала Мақтаарал ауданынан табылды. Алайда жеткіншекті сол жердегі жігіттің жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегені белгілі болды. Құзырлы орган өкілдері бұл жайтқа қыздың туған анасының қатысы барын айтады.

003

Жоғалған жасөспірім Шымкенттегі № 59 мектептің оқушысы екен. Неге екені белгісіз, мектеп әкімшілігі қызды өздігінше іздеуге кірісіпті. Шу шығып кетеді деп қорықса керек. Тек араға төрт күн салып, полицияға хабарлайды.

Айгүл Сүлейменова, №59 жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «16-қыркүйектен бері сабаққа не үшін келмегенін біз ешқандай білмедік. Күнде үйіне бардық, 17-сі күні үйіне бардық. Табылған жоқ. Жетісайға алып кеткен десті. Содан бері ешқандай мекенжайын білмедік. Бір айдың көлемінде іздеп, енді таптық қызды.»

[youtube]http://youtu.be/Y5UPqzadDRw[/youtube]

Полицейлер қызды таба алмаған соң Шымкеттегі Абай аудандық прокуратурасы күні кеше ғана мобилді топ құрып, іздестіруді күшейтеді. Нәтижесінде 15 жасар қыз сонау Мақтаарал ауданынан табылды. Белгілі болғаны – жеткіншекті аналық құқығынан айрылған өз шешесі алдап, шалғай ауданға шақырып алған екен. Тойханада жұмыс істеп жүрген жасөспірімді бір жігіт ұрлап әкеткен. Құзырлы орган өкілдері бұдан анасының хабары бар дегенді айтады.

Ермек Әйтімов, Абай ауданы прокурорының орынбасары: «Бұл қыз баланың әке-шешесі ажырасқан. Оны Мақтаарал ауданына шешесі алдап шақырған. «Ұялы телефон алып қойдым, соны келіп алып кет» дейді. 24-қазанда бұл қызды сол Мақтаарал ауданының азаматы, 20 жастағы тұрғын азаматтық неке құру жағдайы бойынша ұрлап, жыныстық қатынасқа түскені анықталып отыр.»

[youtube]http://youtu.be/-0FF6Ct9p3g[/youtube]

Прокуратурлардың айтуынша, қазір ұсталған жігіттің үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалып отыр. Оның бірі адам ұрлау фактісі болса, екіншісі кәмелетке толмаған қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі. Айыпталушы енді бірнеше жылға темір торға қамалуы мүмкін.