«Еуро-цирк» — Шымкентте

555
"Еуроцирк" Шымкентте

Шымкентке Ресейдің «Еуро-циркі» келді. Қаламызға аялдаған қонақтардың айтуынша, шоу-бағдарламаларында әлемнің түкпір-түкпірінің талантты цирк әртістері мен елуден астам экзотикалық аң өнер көрсетеді. Балаларды тәнті етіп, жас пен жасамысты бей-жай қалдырмаған премьералық қойылымды тамашалауға келген жерлестеріміздің қарасы қалың.

"Еуроцирк" Шымкентте

Жыртқыш аңдар да ұша алады, ал маймылдар планетасы бар. Кенгуру, жанаттар, түйеқұстар мен жолақты бұғылар және үйретілген иттер — «Еуро-цирктің» әлемінде! Қанатты құрылғымен жүретін испан ешкісі түрлі орындалуы қиын қимылдарды жасап, көпті тәнті етіп жатыр.

Шоу-бағдарлама арасында «Барабашка» сайқымазағының орны ерекше. Ол көпті күлкіге көміп жүрді. Цирк әртісі осы тұрғыда Еуропадағы үздік бестіктің құрамында.

Шымкентке «Еуро-цирк» ұжымы үздік нөмірлерін әкелген. Солардың бірі — қабырғалы мамықта ұшатын акробаттар. Көпшілік үлкен әсермен «Құрыш күшті адамның» өнерін көз алмай тамашалады.

«Барабашка» сайқымазағы

Марат Беркінбай, көрермен: «Иттердің биін көріп, таң қалдым. Бәрінен бұрын ешкінің жіптің үстінен жүргенін алғаш көруім. Жарайсыңдар дегім келеді ұжымға! Ертең тағы да көршілеріммен келемін.»

Фариза Мамырбаева, көрермен: «Ата-анаммен келдім, маған цирк ұнады. Маймылдар адам сияқты екі аяқпен жүреді екен. Олар күліп, билейді.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2Ybhz1GmDK8[/youtube]

Таңғажайып шоу-бағдарламаға толы «Еуро-циркті» жерлестеріміз 7-желтоқсанға дейін «Оңтүстік цирк» ғимаратынан тамашалай алады. Бұған қоса кез келген көрерменнің бірегей ұтыс ойынына қатысып, компьютерді иемденуіне болады. Егер бұйырса, ұтысқа Еуропаға жолдама да тігіліп отыр. Цирк қойылымы жұмыс күндері сағат 19:00-де, ал демалыс күндері мен мерекелерде 13:00 және 17:00-де басталады.