Масқара! Қисық жолды кім сызған?

596

Соңғы кездері отбасылық мәселелермен туған жеріме жиі барғыштап кеттім. Ауылымның әлеуеті қазір анағұрылым дұрысталған. Оған шүкіршілік дейміз! Атап айтар болсам,  біздің ауылда жаңа балабақша бой көтеріп, көшелер жарықтандырылған. Жолымыздың жағдайы да жаман емес. Бірақ..! Иә сол бірақ құртады барлығын. Көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізген мекеменің қызметкерлері жол үстіндегі жолақты қисық сызып кетіпті.

20141019_170329

20141019_170345

Бұрындары мұндай суреттерді ғаламтордан көріп, күлетін едік. Әсіресе көңілді тапқырлар клубында ойнайтын жігіттер әзілдеріне қосатын. Енді бұл көріністі өз ауылымнан көріп, не күлерімді, не жыларымды білмей дал болдым. Сізге, бәлкім, өтірік болып көрінер. Мүмкін, «Фотошоп» дерсіз. Егер сондай ойға берілсеңіз, түсінемін. Өйткені мен де алғашында солай ойлағанмын. Біреудің қалжыңы шығар деген де ой болған. Шынымды айтсам, көлігіммен осы жолдың үстінен арлы-берлі екі-үш рет өткен соң ғана өз көзіме сене бастадым.

20141019_170422

20141019_170322

Мына қисық сызықты менен басқа 31-арнаның Оңтүстіктегі телеоператоры Ержан Сейдазимов та көрді. Ол менен «Қалай ойлайсың, мына жолды сызғандар ішіп алған ба екен?» деп сұрады. Мен сасқанымнан «Мүмкін ұйықтап кеткен болар» деймін.

Айтпақшы, нақ осындай қателіктерді жариялай қалсаң, жауапты мекемелердің бізге қоңырау шалып, «Кімнің тапсырысымен жазып отырсың? Бізде қалған қандай ақың бар?» дейтіні бар. Бұл жолы мен үшін мына суреттер жауап береді деген ойдамын. Себебі, жол үстіндегі қисық жолақтың сызылғанына біраз болды. Әзірге оны түзетуге асыққан жауаптылар көрінбейді.