"Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" көрмесі

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». Қаламыздағы №72 жалпы орта мектептің ұжымы Елбасының жолдауын қолдайды. Ұстаздар қауымы жаңа жолдаудың мектеп бағдарламасындағы рөлі және ондағы жүйелі мақсаттарды айтты. Оқушыларға түсіндірді. Баяндама оқыған педагогтар шәкірттердің сауалдарына да жауап берді. Айта кетейік, №72 жалпы орта мектебінде 2500-ға жуық оқушы білім алады.

№72 жалпы орта мектептің ұжымы
№72 жалпы орта мектептің ұжымы

Шұға Нұрабаева, №72 жалпы орта мектептің директоры: «Елбасының бізге арнаған жолдауын жаттап жүрміз. Себебі, білім саласына берері мол. Мәселен, қазіргі уақытта әрбір мұғалімнің біліктілігін арттыру курстарына жағдай жасалған. Олар үшін мыңдаған қаржы да қаралып жатыр. Жолдауда қарапайым мектептердің оқу бағдарламасы зияткерлік білім ұяларымен теңдесуі қажет екені айтылған. Сондықтан, біз оны құптап, тереңдетілген жүйеге көшудеміз.»

Шұға
Шұға Нұрабаева
"Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" көрмесі
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» көрмесі

Сондай-ақ мектеп ұжымы Елбасы Н.Әбішұлының өміржолы мен саясаттағы жетістігінен сыр шертер кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Президенттің авторлық еңбектері де болды.