Облыс әкімі ардагерлерге Елбасының құттықтауын жеткізді

448

26-желтоқсан күні Оңтүстіктің 20 соғыс ардагеріне мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауы табысталды. Елбасы атынан мерекелік сый-сияпатты облыс әкімі жасады.

Өңір басшысы алдымен Ұлы Отан соғысының ардагері Қаратай Төлебековтың үйіне барып, 91 жастағы ардагерді құттықтады.

001

1924 жылы Алғабас ауданы, Жүзімдік ауылында туылған Қ.Төлебеков Ұлы Отан соғысын 1942 жылы Мәскеуден бастап, Балтикада аяқтаған. Елге 1950 жылы оралып, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Шымкент кооперативтік техникумында директор, политехникалық техикумда кафедра меңгерушісі, жоғары оқу орнында оқытушы болып еңбек еткен.

002

Жұбайы, 85 жастағы тыл ардагері Қымбат апа екеуі 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан 8 немере сүйіп отыр. Елбасының елге деген ықыласына тәнті болған қария мемлекет басшысының Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңындағы жаңа жылдық құттықтауына алғысын жеткізді. Тәуелсіз Қазақстанды өсіп-өркендету бағытында атқарылып жатқан еліміздегі игі тірліктерді қолдайтынын айтты.

004

Осыдан кейін өңір басшысы 92 жасар Ұлы Отан соғысының ардагері Шаля Анна Федоровнаның шаңырағында болды. Мұндай ыстық ықыласқа қуанған ардагер мемлекет басшысының мереке қарсаңындағы құттықтауын қуана қабыл алды.

003

1923 жылғы 12 маусымда Арыс ауданында дүниеге келген А.Шаля 1941 жылы радиотелеграфистер дайындайтын курсты тәмамдаған. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Румыния, Венгрия және Чехословакияны жаудан азат етуге қатысады. 1946 жылы елге оралғаннан кейін білім беру және партия қатарында еңбек етіп 1979 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Облыс әкімімен болған сұхбат барысында ардагерлер мемлекет басшысына деген құрметтің ерекше екенін айтып, жасалып отырған қамқорлыққа алғыстарын білдірді.

005

«Келесі жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы отырмыз. Осы мерейлі жылға орай мемлекет башысының арадагерлерге көңіл бөліп, арнайы құттықтау жолдап отырғаны бізді ерекше тебірентті. Жеңістің 60 жылдығына орай Мәскеуде өткен әскери шеруге бұрынғы одақтас елдерден тек бес ардагерден ғана қатысса, Қазақстаннан 25 ардагер қатысты. Біз мұны Елбасының асқақ абыройының белгісі деп білеміз» деді Анна Шаля.

Бұған қоса облыс әкімінің бірінші орынбасары мен аудан, Шымкент қаласының әкімдері Шымқала мен Сайрам, Төлеби аудандарында тұратын он сегіз ардагердің шаңырағына барып, Елбасының мерекелік құттықтауын табыстады.

Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі

Фотоларды түсірген – Хусан Азизов