Шымкентте темір-терсектің арасынан екі снаряд табылды

333
фото: //tengrinews.kz

Шымкент қаласында темір қабылдайтын орындардың бірінен оқу-жаттығу снаряды табылды. 2014 жылдың 24-желтоқсанында кешкі сағат 18:50-лер шамасында Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Еңбекші полиция бөлімінің кезекші бөліміне суыт хабар түседі. Хабарласқандар Қойкелді батыр көшесінде орналасқан темір қабылдайтын нүктелердің бірінде снарядқа ұқсас екі зат табылғаны туралы айтқан.

фото: //tengrinews.kz
фото: //tengrinews.kz

Оқиға орнына Еңбекші полиция бөлімінің қызметкерлері және облыстық ішкі істер департаментінің «Арлан» арнайы жасағы, әскери бөлімнің саперлері келіп жетті. Адамдардың күдігін туғызған затты темір қабылдайтын орынның жұмысшылары тауып, бұл туралы көшеден өтіп бара жатқан жол-патрульдік полициясы экипажының қызметкерлеріне айтады.

Тәртіп сақшылары тез арада оқиға орнын қоршап, айналадағы адамдарды қауіпсіз аумаққа шығарады. Табылған затты залалсыздандырумен «Арлан» арнайы жасағы мен әскери бөлім қызметкерлері айналысады.

Кейіннен екі снарядтың оқу-жаттығу снаряды екені анықталды. Тот басып қалғандықтан, жарамсыз болып, адамдарға қауіп төндірмеді.

Полиция қызметкерлері снарядтарды тәркілеп алды. Қазір осы жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптама жүргізілген соң табылған снарядтардың көзі жойылады.