фото: //news.ykt.ru

Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары 53 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын 3 келі марихуанамен ұстады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2015 жылдың 23-қаңтарында Сайрам АІІБ-ның қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасын жүргізуінің нәтижесінде есірткі затын сақтады және таратты деген күдікпен Жамбыл облысының тұрғыны қолға түсті. Ақсукент ауылындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталған ол бұған дейін де есірткі затына қатысты істі болған.

фото: //news.ykt.ru
фото: //news.ykt.ru

Полиция қызметкерлері пәтерді тексеру барысында қонақ бөлмеден үш қалтаға оралған, ішінде жасыл түсті өзіне тән иісі бар өсімдік тектес затты тауып, тәркіленіп алды.

Сот-криминалистика сараптамасы қорытындысына сәйкес тәркіленген өсімдік тектес заттың салмағы 3 келі 621,84 грамм марихуана екені анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы — «Есірткі затын ірі мөлшерде сақтау, сату, жөнелту» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат қамауда. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері есірткі затының қайдан пайда болғанын анықтау үстінде.