2014 жылы Оңтүстікте 405 мың шаршы метр баспана тапсырылды

277

Оңтүстік Қазақстан облысында 2014 жылы жалпы ауданы 405 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Бұл туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуде өңір басшысы А.Мырзахметов мәлімдеді. Өңыр басшысы өткен жылы облыста 25 ауызсу нысаны пайдалануға берілгенін айтып, аймақтағы 667 елдімекендегі 2,3 млн. халықтың сапалы ауызсумен қамтылғанын жеткізді.

001 (2)

Былтыр 55 газбен жабдықтау нысанының құрылысы басталып, 61 елдімекендегі 208 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізген. Жыл қорытындысымен газ жүргізілген елдімекен саны 315-ке жеткен.

Тұрғын үй құрылысына 26,1 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 58,6 пайызға артқан. 405 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 267 шақырым жол мен апатты жағдайдағы 16 көпірде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Шымкент- Сарыағаш арасында автожолдың құрылысы басталған.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі