Оқушылар тағамына бөлінетін қаржы көбейді

226
фото: //gov.cap.ru

Шымкенттік оқушылар енді жақсы тамақтанатын болды. Қала бойынша мектепте берілетін ыстық тамақтың бағасы өзгертілмек.

фото: //gov.cap.ru
фото: //gov.cap.ru

Ол үшін бұрын бөлінген 340 млн. теңгенің орнына енді 380 млн. теңге қаралады. Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан балалар күніне 147 теңгенің тағамын тұтынып жүр.

Мектептердегі асханаларды жалға алып, тамақ әзірлеуші кәсіпкерлер бұл ақшаның аз екенін жасырмайды. Ал қалалық білім бөлімінің мамандары жақын арада кәсіпкерлерге оңай тиетінін айтады. Өйткені, 1-наурыздан бастап, оқушылардың тамағының ақысы 219 теңгеге көтерілетін болды.