Оңтүстікте ғылыми зерттеу орталықтарының белсенділігі артып келеді

398

Оңтүстікте ғылыми зерттеу орталықтарының инновациялық белсенділігі артып келеді. Ел дамуына үлес қосатын жобалар түрлі салада сынақтан өтіп, өз нәтижесін беруде.

6666666666666666Біздің облыс – қой шаруашылығына қойлайлы аймақ. Жаймашуақ ауа райы, құнарлы топырақ бұл шаруаны дөңгелетіп алып кетуге мүмкіндік туғызады.

Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» мамандары селекция тәсілі арқылы еттi меринос қойының жаңа тұқымын алды. Шымкенттік ғалымдардың селекция тәсілі арқылы шығарған жаңа «Ордабасы» асыл тұқымды қойына бүгінде сұраныс көп.

Жаңа тұқымды қойлар ыстыққа, суыққа төзімді келеді, шөлге де шыдамды дейді шопандар. Қаракөл елтірісіне де сұраныс әлі күнге жоғары. Қолда бар бірлі-екілі елтірінің өзін көрші Қытай мен Түркия елдері қоймай сатып алып жатыр. Демек, Шопан ата тұқымының осы түрін шұғыл жандандыру қажет.

Аядай ғана зертханада ғылыми қызметкерлер мұнаймен ластанған бетондарды тазартудың жолын зерттеуде. Қара алтын, әсіресе, климаты ыстық күнгей халқы үшін зиян дейді ғалымдар. Осыған дейін түрлі жуғыш заттармен тазаланып келген бетондар енді жаңа әдіспен тазартылады. Бұл әдіс – экологиялық тұрғыдан тиімді.

Ғылыми қызметкер Эльмира Сырлыбаева екі жылдан бері Қошқар ата өзенін зиянды тұрмыстық қалдықтардан тазарту жолдарын зерттеп жүр. Ол үшін алдымен ағын суға зиянын тигізетін түрлі синтетикалық жуғыш заттардың құрамына сынама жүргізді. Бүгінде дүкен сөрелерінде сықиып тұрған, халық көп тұтынатын жуғыш заттардың өсімдіктерге қалай әсер ететін көз жеткізді.

Алғашқы зерттеулерінің нәтижесімен бөліскен кейіпкеріміз кәдімгі кір сабын мен балаларға арналған сабыннан өзгесі өсімдік атаулыны жойып жібереді дейді.

Жалпы салмағы 2 млн. тоннадан асатын қорғасын зауыты қалдықтарының ұшқыны қала аумағын ластап, халықтың денсаулығына кері әсер етуде. Осы арада «Қара тауды» зиянын тигізбей, тіпті үйіндіден көл-көсір пайда табуға болады екен.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғалымдары қалдықты жабайы шөптермен көмкеріп, зиянын жоюдың жолын ұсынып отыр. Таңдалып алынған шөптердің тұқымын арнайы контейнерде өсіріп, қалдықтың үстіне шашса, ол көбейе келе бетін толық жабады. Жап-жасыл боп жайқалған кілемшеден бағалы заттарды аршып алуға да ыңғайлы.

Қай кәсіп түрі өтімді? Сарапшылар осы сұраққа бас ауырта бастады. Ол үшін алдымен импорттық заттарға талдау жасалады. Айта кетейік, бүгінде тағам түрлерінің 60 пайызы, құрылыс заттарының 80 пайызы, дәрілік заттардың 80-90 пайызы сырттан тасымалданады. Демек, отандық нарықты осынау өнімдермен толықтыру қажет.

Ел экономикасын дамытудың кепілі – ғылым мен инновация. Нарықтың үдемелі сұранысын қанағаттандыру тек тың идеялармен ғана жүзеге асады. Иновациялық ортаның нәтижелі жұмысы бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырады.