Шымкентте полиция қызметкерін көлікпен қағып кеткен азамат ұсталды. Жүсіпбек Аймауытов көшесінің бойында «ВАЗ 2114» жигули маркалы көлікті тізгіндеген азамат жол жүру ережесін өрескел бұзған. Оны байқаған жол патрульдік полиция полкінің қызметкері тоқтатпақ болған. Бірақ, ескертуге құлақ аспаған жүргізуші полиция қызметкерін қағып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Арнайы тексеру жүргізу барысында, автокөлік иесі 1966 жылы туылған Шымкент қаласының азаматы екені анықталыпты.
Зардап шеккен полиция қызметкерінің жағдайы жақсы. Ал, қылмыстық іске барған азамат қамауда отыр. Енді оның үстінен ҚР Қылмыстың кодексінің 345- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады.