Шымкентке Пәкістанның премьер-министрі келген…

Пакістанның бұрынғы премьер министрі Беназир Бхутто Шымкентке келгенде

…немесе «Ескі суреттердің сырын ақтарсақ-2»

Шымкенттіктерге Әбдуәлі Розметовтың есімі жақсы таныс. Талай жылдан бері фототілші ретінде елге танымал болған азамат қазір зейнеткерлік демалыста. Дегенмен, қарап отырған Алик жоқ. (Журналистер өз арамызда Әбекеңді Алик деп атайтынымыз бар. Себебі еш қартайғысы келмейтін азаматтың өз тілеуі солай)

шымкенттік фототілші Әбдуәлі Розметов
шымкенттік фототілші Әбдуәлі Розметов

Жақында Әбекең мол мұрасы – фотоархивімен бөлісті. Кімдердің суреті жоқ дейсіз, құдай-ау! Бұрынғы әкімдер, обком хатшылары, Шәмші Қалдаяқовтың 1993 жылы Шымкентке келген кезі… Роза Бағланова, Қарауылбек Қазиев, Юрий Кунгурцов, Омарбай Малқаров… бүгінде талайы марқұм болып кеткен қазақтың айтулы өнер саңлақтарының суреттері…

Қысқасы, арасынан мына бір суреттерді бүгін ел талқысына салмақпыз.

Пакістанның бұрынғы премьер министрі Беназир Бхутто Шымкентке келгенде
Пакістанның бұрынғы премьер министрі Беназир Бхутто Шымкентке келгенде

– Мынау, Пакистанның тарихында әйелдер арасынан ең алғаш билікке жеткен премьер-министрі Беназир Бхутто,-дейді Ә.Розметов әңгімесін әдемі бастап. – Біздің Шымкентке келгенде түсіріп алғам. Өте парасатты, ақылды әйел еді ғой.

– Қайдан білесіз?

– Суретке түсірген соң ол туралы көп ақпараттарды іздеп жүріп оқыдым ғой. Қарапайым еді…

– Онысын да байқап қойдыңыз ба?
– Көрініп тұратын. Мынау (Әбекең екінші суретті көрсетті) Бхуттоның фототілшісі. Аты-жөнін біле алмай қалдым. Жақынырақ танысқым-ақ келген еді… Менің байқағаным бір елдің премьер-министрі болса да Беназир ханым фототілшісінен сәті түскенде «Бәрі дұрыс па?  жайлы орналастыңдар ма?» деп жағдайын сұрап тұрды.

 

пәкістандық фототілші
пәкістандық фототілші

Иә-иә, Әбекеңде мұндай тарихи суреттер өте көп.  Олар жайлы сырды алдағы кездері ақтаратын боламыз.