Шымкентте денсаулық супермаркеті ашылды (фото, видео)

840

10-ақпан күні Шымкентте жаңа әмбебап дүкен ашылды. Денсаулық супермаркетін ашудың салтанатты шарасына шаһар басшылығы мен қала тұрғындары қатысты. Алғашқы күннің өзінде дүкенге ағылған ағайынның қарасы қалың.

«Бірінші денсаулық»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BHnXZrWqmF4[/youtube]

Сауда орнының ерекшелігі – мұнда азық-түлік өнімдері ғана емес, денсаулыққа қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық қондырғылар да саудалануда. Дүкен басшылығы әйелдер қауымын да ұмыт қалдырмапты. Нәзік жандылар үшін брендтік косметикалық өнімдерін сауда сөрелерінен таба аласыз.