Шымкенттің бас жоспары өзгереді

493
фото: //shimkent.info

Шымкент қаласының бас жоспарына өзгеріс енгізілмек. Өйткені қалаға еншілес жатқан аудандардан 41 елдімекен қосылған болатын. Қаланың барлық аумағы бұрын 40 мың гектарды құраса, жаңа өзгеріске сәйкес жердің көлемі 117 мың гектарға жеткен.

фото: //shimkent.info
фото: //shimkent.info

Бұл туралы Шымкент қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Асқар Мамырбаев дөңгелек үстелде мәлім етті. Маманның сөзіне қарағанда, қаланың бас жоспарына сәйкес жүргізілген жұмыстарда біршама кемшіліктер анықталған, Атап айтқанда қала аумағына қосылған елдімекендердің бірінің жоспары қаланың жоспарымен сәйкес келсе, енді бірінде жоспар жасалмаған.