Білім берудің үздіктері марапатталды

394

Білім саласының мамандары жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде, бәсекеге қабілетті маман даярлауда аянбай қызмет етіп келеді. Оңтүстік оқушыларының бағындырған белесі мен жеткен жетістіктері де жетерлік. Білім додасында күнгейдің атын шығарып, үш жыл қатарынан алдыңғы саптан көрініп те жүр.

Облыстық ұстаздар форумы аясында Оңтүстіктің жаңа келбетін қалыптастыруда елеулі еңбек еткен ұлғатты ұстаздар марапатқа ие болды. Оқушылары оза шапқан оқытушыларға облыстық білім, жастар ісі және тілдерді дамыту басқармасының алғыс хаты табысталды.

Айткүл Сәулебаева,»Интеллектуал-2050″ қоры директорының орынбасары: «Менің жетістігім -шәкірттерімнің жеңісі. Бүгін Парижге ұшып барамыз, ол жерде үздік математиктер байқауына қатысамыз. Былтыр шетелдің барлық халықаралақ білім додаларында бақ сынадық. Республикалық команданың арасында оңтүстікқазақстандық шәкірттер де бар.»