Шымкенттегі жолаушыларды тасымалдау саласына оң өзгеріс әкеледі деп үміттенген «Гринбас» компаниясының өкілдері берген уәдесінде тұрмады. Олар мемлекеттік сатып алу конкурсының шартын толық орындамай отыр.

Шарт бойынша аталмыш компания 6 бағыт бойынша жаңа автобустармен қызмет көрсетуі тиіс. Бүгінде сол бағыттардың төртеуінде ғана толық жұмыс жасалуда. Ал оның зардабын жолаушылар тартып отыр.

004

«Қазығұрт» шағынауданының тұрғындары жаңа автобустармен көп қатынамапты. «Гринбас» компаниясы жолаушыларды су жаңа көліктерімен санаулы күн ғана тасыған. Араға ай салмай, әбден тозығы жеткен автобустар қайта бағытқа шығыпты. №60 бағыттағы көліктерде кесте бойынша арақашықтық сақтамалғаны былай тұрсын, халық көп шоғырланған ауданға 3-4 автобус қойып, тұрғындардың наразылығын тудырған.

[youtube]https://youtu.be/-wb-GBR94mo[/youtube]

Ескі көліктердің санитарлық және техникалық жағдайы сын көтермейді. Ал бұл әрекетті «Гринбас» компаниясының өкілдері жолдың нашарлығымен түсіндіреді. Алайда, шағынауданындағы жолдың тегіс екенін мұндағы халық жақсы біледі. Тендердің лотындағы тағы бір бағыт — №76. Ол бағыт бойынша мүлдем қызмет көрсетілмейді. Компанияға экономикалық жағынан тиімсіз көрінеді.

Нұрлан Жаңабай