Тассайдағы малшыға көршілері наразы. Көршілес елдімекендердің бар малын жиып бағуды кәсіп еткен қойшы ауылдықтардың тыныштығын бұзды дейді тұрғындар. Өрістегі түлігін кешкісін қорасына қамайтын оған көршілері ашулы. Санитарлық талапқа сай келмейтін осы қора-қопсымен ветеринар мамандар танысып қайтты.

006

Елу бас ірі қараны бағып жүрген Ұлықбектің кәсібі — осы. Мал бағып, отбасын асырайды. Алайда мал қорасы талапқа сай келмейді. Тазалығы сын көтермейді. Ауыл тұрғындарын ашындырып отырған да осы мәселе. Ол аздай, қойшының қос иті де ауыл тұрғындарының тыныштығын қашырыпты.

Мал қорасында тазалық сақталмайтынын қойшының өзі де мойындайды. Бірақ, бос жүрген иттерін барымташылардан қорғайды деп ақталды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=RUKqYzWiwAY[/youtube]

Десе де, үй жануарларын ұстау қағидасына сай иттер байлаулы болуы керек. Осыған сай арнайы ережемен қойшыны қалалық ветеринар бөлімінің мамандары арнайы таныстырды. Егер заң бұзушылық қайталанатын болса, жауапқа тартылып, қомақты айыппұл төлейтіні ескертілді.

Осылайша тассайлықтардың тыныштығын алған қойшыға қатаң ескерту берілді. Оның мәселесімен ветеринар мамандар айналысатын болды. Ал жіті қадағалауға алынған қорасында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болды.

Нұрлан Жаңабай