Қазақстанның әскери сотының төрағасы Шымкентке келді

191

Шымкент қаласына Қазақстан Республикасы әскери сотының төрағасы Абдуллаев Сәкен Жүсіпахметұлы арнайы іс-сапармен келді. Мәртебелі мейман 65/06 әскери бөлімінің жеке құрамымен танысып, әскери борышын өтеушілермен және әскери қызметкерлермен кездесу өткізді.

003

Еркін түрде өткен сұхбат барысында көкейтесті мәселелер көтерілді. Тұрғын үй мәселесін шешуді көздеген әскерилер бөлімдегі қылмыстар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын да шет қалдырмады. Көтерілген сауалдарды түртіп алған төраға 2015 жылдың 1 қаңтарында өзгеріске енген қылмыстық заңнаманы тағы да толықтыру қажеттігін қадап айтты.