Екі күннің ішінде жол жүру ережесін бұзған 100-ден астам адам ұсталды

58

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Жүргізуші-жаяу жүргінші» атты жедел-алдын алу іс-шарасының екі күнінде полицейлер 100-ден аса құқықбұзушылықты анықтады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

5

Оңтүстікте 4-30 мамыр күндері аралығында республикалық, кең ауқымды «Жүргізуші және жаяу жүргінші» атты жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Шараның негізгі мақсаты — көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер тарапынан орын алатын жол-көлік оқиғасын болдырмау және алдын алу болып табылады.

2

Жол ережесін сақтауда тәртіп сақшылары аталмыш шара барасында рейдтік іс-шараларды, мектептерде ата-аналар жиналысын, байқауларды, флешмобтарды, сондай-ақ, лекцияларды ұйымдастырмақ. Сонымен қатар қоғамдық көліктерде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін мұқият сақтауы және бұзбауы жайында арнайы дайындалған әлеуметтік видеороликтер көрсетіледі.

3

Аталмыш шараның екі күнінде ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жаяу жүргіншілерге жол бермеген 70 жүргізушіні және белгіленбеген жерден жолдан өткен 43 жаяу жүргіншіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Полицейлер рейдтік шара барысында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қауіпсіздігін сақтау жөніндегі парақшалар таратты.

6

Айта кету керек, 2015 жылдың 4 айында облыс жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 362 жол-көлік оқиғасы орын алған. Оның ішінде 38 адам қаза болып, 339 адам түрлі жарақаттар алды.