Леңгірде жаңа емхана мен аурухана ашылды

1038

001

Төле би ауданының орталығы Леңгір қаласында бір ауысымда 200 адамды қабылдайтын емхана мен 180 орынды орталық аурухана ашылып, ел игілігіне берілді. Шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов барша төлебиліктерді жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hFAQ6lh3F-o[/youtube]

‒ Елбасы өз жолдауында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізіп, материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз деген болатын. Бүгін осының негізінде заманауи типте салынған нысан медициналық техниканың соңғы қондырғыларымен жабдықталған. Облыста өткен жылы 68 денсаулық сақтау нысанның құрылысы жүріп, 64-і пайдалануға берілді. Ал биыл 25 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Соңғы бес жылда өңірде үш жүзге жуық медициналық нысан салынды ‒ деді Б.Оспанов.

002

Мұнда тұрғындарға білікті 41 дәрігер мен 150-ге жуық медбике қызмет көрсетеді. Ауруханадағы жаңа заманауи құрылғылар Ресей, Оңтүстік Корея, Германия сынды мемлекеттерден жеткізілген. Аусымына 200 адамды қабылдайтын емхана стационарлық ем алуға, сондай-ақ, тәжірибеге жаңа заман талабына сай тәсілдер мен алдын-алу шараларын енгізуге, диагностикалауға және ауруларды емдеуге арналған.

004

003

Бүгінгі таңда Төле би ауданында 2 емхана, 9 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық пункт пен 19 фельдшерлік акушерлік бекет тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп келеді.