Бүгінде облыста 900-ге жуық елдімекен өрттен қорғаусыз қалып отыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысында айтылды. Мамандар орман өртін сөндіруде көптеген қиындықтарға тап болатындарын жасырмады. Өйткені, тілсіз жаумен күресу үшін техника жетіспейтін көрінеді.

004

Маусымдық дайындығын пысықтауға келген төтеншеліктер жұмыстарына кедергі келтіретін бірнеше түйткілдерді жайып салды. Қазіргі таңда облыс аумағында 934 елдімекеннің 41-інде ғана мемлекеттік өртке қарсы бөлімше жұміс істейді.

Тиісті заңнама талаптарына сай қосымша 72 өрт сөндіру бөлімшесін құру қажет дейді жауаптылар. Мамандар орман өртін сөндіруде де бірқатар қиындыққа тап болып отыр. Өйткені, тілсіз жаумен күресу үшін техника жетіспейді.

005

 

Қайсыбір құрылым техникадан таршылық көріп жатқан тұста өрт қаупі зор аудандар бар техниканы әжетке жарата алмай отыр. Жауаптылар былтыр ғана үлестіріліген көліктерді қараусыз қалдырып, жарамсыз етіп тастапты.

Су тасқынын алдын алуға жауапты мамандар биыл қауіп жоқ деп сендіреді. Дегенмен, таулы аумақтарда су деңгейінің көтерілуі әлі де ықтимал. Сондықтан мамандар бұл аймақтарға бақылауды күшейткен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Kmf3_8mN9I4[/youtube]

Осылайша төтенше жағдай мамандары маусымдық дайындық жұмыстары жөнінде жергілікті билік өкілдерін құлағдар етті. Тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жұдырықтай жұмылып жұмыс істеуге уағдаласты.