6 мамыр күні сағат тоғызда әдеттегідей жұмыс басталған жоқ. Редакцияда мерекелік көңіл-күй орнаған. «Отырар» телеарнасы мен «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газетінің қыз-келіншектері таңертең ерте келіп, әскердегідей қатарға тұрып, сап түзеді. Әскери киім киіп, бірі аккордеон аспабының сүйемелдеуімен «Катюша» әнін айтып, енді бірі би билеп, дайындықтарын пысықтады.

Міне, осылай, «отырарлық» журналист қыз-келіншектер әріптестерін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Еркек кіндіктінің бірінен соң бірін қарсы алып, ақ тілектерін жеткізді. Сонымен қатар сый-сияпат жасауды да ұмытпадық.

Мұндай сыйды көрген ер-азаматтардың көңіл-күйі бірден көтерілді. Ағайларымыз «Катюша» әніне билеп, жастық шағын еске түсірсе, жастар бір серпіліп қалды.