Шымкенттіктер рекорд жасады

209

Шымкентт Гиннестің рекордтар кітабына енді. Қала тұрғындары Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ұзындығы 70 метрлік естелік лентасын алып жүрді.

004

Рекордты шеру Ордабасы алаңынан басталып, Даңқ мемориалына дейін жалғасты. Саптың алғашқы шебін ардагерлердің өзі бастап жүрді. Күннің ыстығына қарамастан қатысушылар белсенділік танытты. Қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

004

Қазақстандағы ең ұзын лентаны алып бара жатқан әрбір азамат үшін бұл маңызды сәт болды. Бірі мақтаныш етсе, енді бірі міндеті деп есептейді. Алайда, барлығының ойы – Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жақындарына құрмет көрсету.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xSIA05aQnUs[/youtube]

Бұл шараның басты қаһармандары – ардагерлер саптың алғашқы шебін бастап жүрді. Көрсетілген құрметке қариялар жас балаша мәз-мейрам болып қалды. Ал кейбір қарт майдангерлер бұл күні қасында бола алмаған майдандастарын еске алып, көздеріне жас та алып қалды.

Үш шақырым жолды жаяу жүріп өткен шеруге қатысушылардың соңында Даңқ мемориалы келді. Мұнда ардагерлерге арналып мерекелік концерт қойылды.