БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтеді

224

28 маусым- байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай 10-13 маусым күндері Оңтүстіктегі БАҚ өкілдері арасында дәстүрлі спартакиада өтеді. Командалардың өтініші 5 маусымға дейін ОҚО журналистер одағында қабылданады.

Қазақстан журналистері Одағының облыстық филиалы ұйымдастыруымен өтетін спорттық жарыста БАҚ қызметкерлері спорттың 6 түрінен бақ сынамақ. Олар: шағын футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, бильярд және жүзу.

Спорттық ойындар спартакиадасының Е Р Е Ж Е С І

Спартакиаданың өткізілетін жері: Шымкент қаласы

Өткізілетін мерзімі: 2015 жылдың 10-13 маусымы аралығы

Ұйымдастырушы: ҚР ЖО Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы

Спорттық ойындар спартакиадасына Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа мекемелері қатыса алады. Өтініш білдіруші ұжымдарға шектеу қойылмайды. Қызметкерлері көп мекемелер бірнеше командаға бөлініп қатысуына болады. Әрбір команда мүшелік жарнаны бөлек төлейді.
Осы ереже талаптарымен келіспеген БАҚ мен баспа мекемелерінің командалары спорттық ойындар спартакиадасына қатыса алмайды.

1. Спорттық ойындар спартакиадасына қатысуға ниет білдірген БАҚ мен баспа мекемелерінің ұжымдары 2015 жылдың 5 маусымына дейін ұйымдастыру алқасына («Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің редакциясына) командаларының өтінішін мекеменің фирмалық бланкісіне жазып, мөр басып тапсырулары керек.

Өтінішке қоса команда мүшелерінің аты-жөні, туылған жылы, атқаратын қызметі, жұмысқа қабылданған мерзімі көрсетілген (осы мекемедегі жұмыс өтілі 5 айдан кем болмауға тиіс) тізім және міндетті түрде еңбек кітапшасының көшірмесі мен команда мүшесінің жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесі тіркелуі қажет. Команда мүшелері жарысқа келгенде жеке және қызметтік куәлігін ала келуі керек (онсыз ойынға жіберілмейді).

2. Спорттық ойындар спартакиадасына қатысу үшін әрбір команда ұйымдастыру алқасына командалық өтінішімен қоса 15 000 (он бес мың) теңге жарна төлейді. Жарнадан жиналған қаржы жарыс жүлдегерлерін марапаттауға жұмсалады. Мүшелік жарна төлемеген команда жарысқа қатыстырылмайды.

3. Бильярд сайысына қатысатын әр адам 2 000 (екі мың) теңге мүшелік жарна төлейді.

4. Командалық тізімде көрсетілмеген бөгде адамдар жарысқа жіберілмейді. Осыған байланысты 2015 жылдың 30 мамыры мен 5 маусымы аралығында спорттық ойындар спартакиадасын өткізуге байланысты бекітілген комиссия құрамы жарысқа қатысуға өтініш білдірген командалардың жұмыс орындарында болып (тізім бойынша жарысқа қатыстырылатын команда мүшелерін анықтау бойынша) тексеру жұмыстарын жүргізеді. Мекеме басшылары (бұйрық көшірмелері, жарна төлемдері және т.б) қажетті құжаттарды қамтамасыз етуге міндетті.

5. Жүлделі орын алған командалар спартакиада қорытындысы бойынша салтанатты жиналыста марапатталады.

6. Жарыстың белгілі бір түрін өткізуге демеушілік жасаған жеке немесе заңды тұлғалар жергілікті басылымдардың кезекті нөміріне жарияланып, телеарналардың жаңалықтар айдарынан көрсетіледі.

7. Жарыс өткізілу барысында туындаған даулы мәселелерді арнайы сайланған төрешілер алқасы шешеді.

8. Спорттық ойын түрлері, жарыстың өткізілетін күні және оған жауапты жеке және заңды тұлғалар осы ереженің № 1 қосымшасымен бекітіледі.

Осы спорттық ойындар спартакиадасының ережесі ҚР ЖО ОҚО филиалы кеңесінің отырысында қабылданды.

Ұйымдастыру алқасының тел.: 46-40-64, 46-42-22

Жарыс бағдарламасы

1. 100 метрге жүгіру (ерлер және әйелдер). Жарыс қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Жарысты өткізу шарттары төрешілер алқасының отырысында белгіленеді. Ойыншылар ойын алдында жеке төлқұжаттарының түпнұсқасын бас төрешіге ұсынуы тиіс. Әр командадан 4 адам (2 ер, 2 әйел) қатыса алады.

2. Ұзындыққа секіру (ерлер және әйелдер). Жарысты өткізу шарттары төрешілер алқасының отырысында белгіленеді. Ойыншылар ойын алдында жеке төлқұжаттарының түпнұсқасын бас төрешіге ұсынуы тиіс. Әр командадан 4 адам (2 ер, 2 әйел) қатыса алады.

2. Волейбол. Жарыс FIVB Халықаралық ережесіне сәйкес өткізіледі. Жарысты өткізу шарттары төрешілер алқасының отырысында белгіленеді. Ойыншылар ойын алдында жеке төлқұжаттарының түпнұсқасын бас төрешіге ұсынуы тиіс. Команда құрамы: 5 ер, 1 әйел.

3. Шағын футбол (ерлер және әйелдер). Ойын 10 минуттан, 2 таймнан тұрады. Жарысты өткізу шарттары төрешілер алқасының отырысында белгіленеді. Ойыншылар ойын алдында жеке төлқұжаттарының түпнұсқасын бас төрешіге ұсынуы тиіс. Командалар бірыңғай спорттық киімде болуы тиіс. Команда құрамы: 10 спортшы.

4. Шахмат (ерлер және әйелдер). Ойындар қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Жарысты өткізу жүйесі төрешілер алқасының отырысында белгіленеді. Ойыншылар ойын алдында жеке төлқұжаттарының түпнұсқасын бас төрешіге ұсынуы тиіс. Әр командадан 4 адам (2 ер, 2 әйел) қатыса алады.

5. Жүзу (ерлер және әйелдер). Жарыс ФИНА ережесіне сәйкес өткізіледі. Қатысушылар еркін жүзу сайысы бойынша бақ сынайды. Спортшының өзімен бірге санитарлық кітапшасы, жуынуға арналған жабдықтары (сабын, жөке, орамал) арнайы аяқ-киімі болуы шарт және ол заттарсыз жарысқа қатысуға қатаң тыйым салынады. Ойыншылар ойын алдында жеке төлқұжаттарының түпнұсқасын бас төрешіге ұсынуы тиіс. Әр командадан 4 адам (2 ер, 2 әйел) қатыса алады.

6. Бильярд. Жарыс қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Ойыншылар ойын алдында жеке төлқұжаттарының түпнұсқасын бас төрешіге ұсынуы тиіс. Әр командадан 4 адам (2 ер, 2 әйел) қатыса алады.