Сонымен жаңа енгізілімдер еңбек өтілі 20 жылдан асқан азаматтарға қатысты болмақ. Бүгінгі күнде базалық зейнетақы 11 мың теңгені құрайтыны белгілі. Аталмыш заң күшіне енгеннен кейін, жұмыс өтілі 20 жылдан асқандардың базалық зейнетақысы төменгі күнкөріс деңгейінің — 70%-ын, ал 35 жылдан көп еңбек еткендер үшін 100%-ды құрайды. Сонымен қатар жүйені жаңғырту аясында жұмыс берушінің жарнасы есебінен шартты-жинақтау компоненті қосымша енгізіледі.
Азаматтар зейнеткерлікке шыққан кезде енді базалық зейнетақы мен жинақтаушы зейнетақы қорынан емес, сонымен бірге шартты жинақтаушы зейнетақы жүйесінен алатын болады. Сонымен, үш деңгейлі зейнетақы жүйесі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді деп отырмыз – дейді, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
Еліміздегі зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы 2030 жылға дейін ел Президентінің тапсырмаларын орындауды ескере отырып жасалған. Мұндай құжатты жасау қажеттігі еліміздің әлеуметтік дамуының бекітілген артықшылығына негізделген.
Біріншіден, зейнетақы төлемдерінің өсуімен және еліміздегі өмір деңгейінің артуына байланыс-ты.
Екіншіден, мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы зейнетақымен қамсыздандыруға жауапкершілігін оңтайлы үлестіру қажеттігіне байланысты.
Үшіншіден, ұйымның және зейнетақымен қамсыздандырудың экономикалық өсімі деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз етуге байланысты.
Жүйе бойынша еңбек өтіліне байланысты емес барлық зейнеткерлер бірдей базалық зейнетақы күн көріс минимумынан 50 пайыз (10450 теңге) бірдей базалық зейнетақы алады. Зейнетақы реформасын жүргізген соң, әрекет ететін жаңа ережелерге сәйкес, базалық төлем еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты төленеді. Нәтижесінде, адам ұзағырақ жұмыс істесе, бюджеттен базалық және жинақ зейнетақысы да соған сәйкес көп болады. Аталған жүйе бойынша, 1998 жылы зейнетке шыққан 42 жылдық еңбек өтілі бар адам бүгінгі таңда 33 182 теңге алады. Бұл сомада 22 732 теңге оның еңбек өтіліне байланысты есептелетін ортақ зейнетақы. Ал, 10450 теңге базалық зейнетақы, шамамен күнкөріс минимумының 50 %-ын құрайды. Реформалық жүйенің ұсынылатын сызбасы бойынша зейнетке шыққанға дейінгі еңбек өтілін есепке алғанда 42 жыл зейнеткер 42 698 теңге алады (22 732 теңге ортақ зейнетақы, және 19 966 теңге базалық зейнетақы, яғни күнкөріс минимумының 100%).
Жобаны әзірлеушілердің пікірінше, бұл әдіс әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіреді. Адам неғұрлым көп жұмыс істесе, соғұрлым зейнетақысы жоғары болады. Түрлі жүйелердің іс-әрекет мерзімдеріне қатысты, реформалау бағдарламасына сәйкес, 2043 жылға дейін аралық ортақ зейнетақы жүйесі әрекет етеді. 2043 жылдан кейін елімізде тек жинақтау жүйесі ғана жұмыс істейді. Ал, базалық зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу өтіліне байланысты бөлінеді. Зейнетақы жинақтау жүйесінен келетін зейнетақы жұмыскерлердің өздерін 10%-дық салымдары арқылы жүзеге асады. Алынатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері азаматтардың жүйеге қатысу мен тұрақты салымдарына, сондай-ақ зейнетақы салымдарының кіріс деңгейіне байланысты болады.Аралық кезеңде сақталатын ортақ жүйе мен зейнетақы жинақтау қорынан бөлек зейнеткерлердің барлық категориялары үшін төлемнің бір көзі ғана енгізіледі, ол – шартты жинақтау компоненті. Әрі жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы салымдары есебінен қалыптасады. Осы жүйе бойынша Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорында (БЗЖҚ) әр жұмыскерге екіншісі шартты зейнетақы есепшоты ашылады. Оған жұмыс берушілердің аударатын 5%-дық салымдары бекітіледі, яғни шартты «зейнетақы жинақтары» қалыптасады.
Лаура Сапарбекова
«Оңтүстік Рабат», №25, 24.06.2015