«Кселлмен» бірге мобильді сауаттылықты арттыр!

85

«Кселл» компаниясы мобильді сауаттылықты көтеруге арналған «Digital Life» атты ауқымды жобаны бастады. Тұңғыш рет Kcell Store дүкенінде қазақ тілінде «Мобильдік медиа» шеберлік сабағы өтті.

otpravit_sms_na_kcell_kz.png
otpravit_sms_na_kcell_kz.png

«Digital Life» жобасының мақсаты – смартфондар мен мобильдік қосымшалардың беретін мүмкіндіктері мен артықшылықтарына қатысты кең жұртшылықтың білімін көтеру. 2015 жылдың желтоқсанына дейін жалғасатын бұл жоба Қазақстанның 16 қаласын қамтып отыр. Жалпы алғанда «Digital Life» жобасы аясында 160 семинар және шеберлік сабағы өткізіліп, оған бірнеше мыңдаған адам қатысатын болады.

— Деректерді тарату қазіргі күні ұялы байланыс нарығының негізгі қозғалтқышына айналып отыр. Біз қазақстандықтардың ақылды смартфондарды қаншалықты белсенді пайдаланып жүргенін өзіміздің желімізден байқап отырмыз. Осы ретте қолданушылардың көпшілігі қолындағы осы құрылғыларын қоңырау шалу, интернетке шығу, коммуникаторлар мен әлеуметтік желілер арқылы тілдесу секілді «тар» мақсатта қолданып жүр. Алайда смартфондар мен мобильдік қосымшалардың берер мүмкіндіктері орасан зор. Сондықтан біз заманауи коммуникация технологияларының мүмкіндіктерін білім беру, дамыту, денсаулықты нығайту және өзінің ішкі таланттары мен шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында пайдалануға ұялы байланыс қолданушыларын үйрету үшін «Digital Life» жобасын іске қосып отырмыз, — деді «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.

«Digital Life» жобасы таяуда «Mega Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығындағы Kcell Store  дүкенінде өткен «Мобильдік медиа» атты шеберлік сабағымен басталды. Оны Қазақстандағы белгілі мультимедиалық журналист, блогер, медиа-жаттықтырушы және Newreporter.org порталының редакторы Назгүл Қожабекова өткізді.

002

Шеберлік сабағына қазақ тілінде қалам тербеп жүрген блогерлер мен журналистер қатысып, олар қызықты әрі танымал контентті жасау үшін өз жұмысында смартфондарды қалай қолдануға болатыны туралы біраз ақпаратқа қанықты. Қазақ тілінде өткен шеберлік сабағы кезінде қатысушылар мобильдік қосымшалар көмегімен фотосуреттерді өңдеуді, мобильдік қосымшаларда коллажды және мәтін жазылған фотоларды жасауды, смартфонда видеоны монтаждауды, онлайн хабар тарату үшін смартфондарды қолдануды, Guardian мобильді қосымшасы көмегімен смартфондар мен планшеттерде лонгрид пен әңгімелерді жазуды үйренді.

Шілде айында «Мобильді медиа» тақырыбына арналған шеберлік сабақтары Қостанай, Қызылорда, Шымкент (22 шілде күні 18:30-да «Отырар-TV» телеарнасының баспасөз залында), Тараз, Талдықорған және Орал қалаларында да ұйымдастырылып, қазақ және орыс тілдерінде өткізілетін болады.

Digital Life жобасын жүзеге асыруда «Кселл» компаниясының серіктесі болып «E-Event» компаниясы жұмыс жасап жатыр. Жоба аясында жылдың соңына дейін «Мобильдік қауіпсіздік», «Мобильдік оқыту», «Мобильдік денсаулық», «Мобильдік бизнес», «Мобильдік үкімет» тақырыптарына арналған семинарлар өткізілетін болады.

Семинарлардың өткізілетін күні, уақыты мен орындары www.e-event.kz сайтында және «Кселл» компаниясының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде жарияланатын болады. Шеберлік сабақтарына және семинарларға қатысу тегін.

Аппарат

Kcell дауыстық ұялы байланысты, қысқаша хабарламаларды жіберу қызметтерін, сондай-ақ, мультимедиалық хабарламалармен алмасу, мобильдік контентке шығу, сондай-ақ, деректерді тарату, оның ішінде Интернет желісіне шығу секілді қосымша қызметтерді (VAS) ұсынады. Компания нарықта келесі екі бренд арқылы қызмет жасайды: нысаналы тобы корпоративтік клиенттер (оның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell бренді және бұқаралық нарықтағы абоненттерге бағытталған Activ бренді. Компания Қазақстандағы халық қоныс тепкен бүкіл дерлік аумақты қамтитын жоғары сапалы ұтқыр байланыс желісі арқылы өз қызметтерін көрсетеді.

Алдағы уақытта Kcell компаниясы Қазақстандағы ұялы байланыс қызметтері арқылы деректерді тарату сегментіндегі өзінің елеулі өсім әлеуеті арқылы пайда табуды ниет етіп отыр. Компания 3G желісімен қамтуды кеңейту үшін өз желісін дамытуға инвестиция құюды жалғастыратын болады. Kcell қолжетімді бағадағы өнімдер мен қызметтердің кең таңдауын ұсынып, сапалы қызмет көрсетуді жалғастыра және өз брендінің құндылығын арттыра отырып, жалпы ақшалай түсім көлемі және абоненттер саны бойынша ұялы байланыс нарығындағы өзінің көшбасшы орнын сақтауға ұмтыла бермек.