Úı Jańalyqtar Оңтүстікте көкөніс пен жеміс-жидектегі нитраттар мөлшері артық

Оңтүстікте көкөніс пен жеміс-жидектегі нитраттар мөлшері артық

Оңтүстік Қазақстан облысы көкөністер мен жемістер-жидектердегі нитраттар мөлшері тұрғысынан алдыңға орынға шықты. Өнімдерді зерттеуге алған еліміздің тұтынушылар құқын қорғау комитеті мамандары осындай қортынды жасады.

85858585Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірімізге іс-сапарлап келген мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мұндай жағдайды базарлардағы арнайы зертханалардың сапасыз жұмыс істеуімен байланыстырып отыр. Сондай-ақ шекара асып келіп жатқан өнімдерде де ағзаға зиянды заттар мөлшері шамадан тыс артық.

Сондықтан бас санитар жауаптылардан зерделеу жұмыстарын жолға қоюды талап етті. Ал жергілікті мамандар осы маусымда сапасыз жеміс-жидектердің салдарынан ауруға шалдыққандар саны артып отыр дейді.

Exit mobile version