Облыс бюджеті ұлғайды

302

Облыс бюджетінің көлемі 3 млрд 23 млн теңгеге ұлғайды. Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлік, құрылыс және коммуналдық саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері қаржыны қай салаларға бөлу жайын қарастырды.

012

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жобасында Батыс Еуропа – Батыс Қытай магистральді жолындағы жер телімдерін мемлекет қажетіне сатып алуға 165 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Бәйдібек ауданындағы Комсомол каналының құрылысын аяқтауға 13 млн 881 мың теңге бөлінбек. Білім саласына да қомақты қаржы қарастырылуда.