Облыста электронды үкіметтің мобильді нұсқасы жұмыс істейді

420

Облыста электронды үкіметтің мобильді нұсқасы жұмыс істейді. Оған 50 шақты мемлекеттік қызмет түрі енгізіліп отыр.

 Бұдан былай мекенжай анықтамасы, зейнетақы қорының анықтамасы сияқты құжаттарды электронды жүйеде алуға мүмкіндік туып отыр. Электронды үкімет порталының мобильді нұсқасын ұялы телефоныңызға енгізіп, сәбиіңізді балабақшаға да кезекке қоя аласыз.

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ облыстық филиалы басшысының есептік жиынында мәлім болды. Айта кетейік, қазір мемлекеттік мекемелерден берілетін 400-ден астам рұқсат беру құжаты автоматтандырылған. Салаға жауаптылар облыста құжаттарды электронды түрде алу деңгейінің өсіп келе жатқанын айтады.