Мобилді интернет әйелдер үшін де қажет

111

Бір қарағанда әйелдердің кәнігі жиналысы дерсіз, бірақ мүлдем олай емес. Басқосудың көздегені — мобилді интернеттің жастар үшін ғана емес, әйелдер үшін де үлкен маңызы зор екенін түсіндіру. Шараға қатысқан қыз-келіншектер әлеуметтік, сұлулық, асхана құпиялары сынды тақырып-ұсынымдарымен танысты.

Тіпті сән әлемінен дер кезінде хабардар болудың жаңа бағдарламаларын ұялы телефондарына жүктеп алды. Жаттығу-сабаққа келгендердің аасында кәсіпкер әйелдер де бар. Енді Анар Әшірова сатылым-жәрмеңкелерді компьютерді арқаламай-ақ қалта телефон арқылы жүргузіді қолға алмақ.

11907138_697243143741486_6143319876634299773_n (1)

Анар Әшірова, семинарға қатысушы: «Мен сауда менеджерімін, кәсіпкермін. Сондықтан маған өте пайдалы болды. Тіпті қазір нарыққа, саудаға, денсаулыққа пайдалы, медициналық, сәнге қатысты 5 бірдей ұсынымды телефоныма жүктеп алдым. Мен мұның барлығы ақылы түрде деп есептеп келгенмін, енді тегін үйден шықпай-ақ қажетті мәліметтерді ала аламын».

Семинар-сабақ «Digital Life» оқу бағдарламасы аясында қолға алыныпты. «E-event» ,»Кcell» компаниясы мен «Отырар» медиахолдингі жобаны жүзеге асыруды бастады. Ал жаттығу-сабақтарды жүргізу медиа-жаттықтырушы, «Отырар» телеарнасының digital-менеджері Карина Алиповаға жүктелген. Маманның айтуынша, қазір әйелдердің көбі мансап мен жұмысбастылыққа ден қойған. Сондықтан, мобилді интернет олардың асханадағы міндеті мен қызметтегі жоспарына үлгеруін қамтамасыз етеді.

Карина Алипова, медиа-жаттықтырушы: «Ұялы телефон — ол сөйлесу құралы ғана емес. Оның көпшілік біле бермейтін қырлары көп. Жаңалықтарды дер кезінде жеткізуін қоспағанда, фотоға түсу, оны әрлеу. Және жүкті әйелдер үшін де пайдасы көп. Қай уақытта дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет немесе дәрігердің қабылдауында болуы маңызды, тіпті олардың тұтынатын тағамдарына дейін айтып отыратын ұсынымдар бар. Ал бойжеткендер үшін пайдалы ас, оның ішінде диеталық тағамдар, салауатты өмір салтын қалыптастырудың жолдары тегін кеңес ретінде айтылады».

Осылайша әйелдер қауымы жаңа технология көш ілгері дамыған заманда ғаламтордың мол мүмкіндіктерін пайдаланудың жолын үйренді. Ең бастысы семинар-сабақ тегін. Енді кеңес қатысушлыары өздері меңгерген ұсынымдарды жүзеге асырып, мобилді интернет қолданышулырадың қатарынан табылмақ.