Өзбек драма театры шетелдіктермен «құда болуға» қарсылық білдірді

648

«Ғажайып құдалар». Облыстық өзбек драма театры  XIII маусымының шымылдығын осындай тақырыптағы премьералық қойылыммен түрді. Комедиялық қойылым –  өзбекстандық дрматург Надира Махмудованың тырнақалды туындысы. Қоюшы режиссері – Жавлон Сайитов. Оқиға желісі бойынша, шетелдік азаматтармен қыз алысып, қыз беріскен құдалардың шытырмандары  баяндалады. Ондағы жеңгелердің рөлі де көрініс тапқан.

Икрам Хашимжанов, облыстық өзбек драма театырың директоры: «Жаңа маусымың ашылуына осы спектакльді таңдап отырған себебіміз – өзбек халқы арасында біздің халыққа тән емес қылықтарды бой алдырды. Өз перзенттерін, яғни бойжеткен қыздарын шетелдік кәсіпкер шейхтерге ұзатып жатыр. Бірақ бұл бастама қазақтың да, өзбектің де менталитетіне жат. Себебі Қазақстан – біздің мемлекетіміз. Осыны көрерменге жеткізгіміз келді».

Театррдың қоржынына жаңа қосылған «Ғажайып құдалар» премьералық спектакліне театрдың 13 бірдей әртісі жұмылдырылған. Және ұжым шығарманы сахналау үшін 1 ай тер төгіпті. Айта кетейік, бүгінде облыстық өзбек драма театрында 52 адам қызмет етеді. Оның 23-і шығармашылық ұжымды құрайды.