Броньды техникалар биатлоны

505

ҚР Ұлттық Ұланы бүгін «Ең үздік БТР экипажы» мен «Ең үздік жүргізушіні» анықтады. Еліміздің төрт өңірлік қолбасшылығы мен әскери институтынан келген әскерилер «Ақтас» полигонында броньды транспортерлар биатлонын өткізді. Қазақстан ішкі әскерлері арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауда жауынгерлер темір тұлпарларымен түрлі кедергілерді басып өтіп, нысанаға атудан мергендігін танытты. Ал КамАЗ жүргізушілері жылдамдығы мен ептілігін байқатты.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған сайысқа «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» және «Орталық» өңірлік қолбасшылықтары мен Ұлттық Ұлан әскери институтының командирлері, механик-жүргізушілері мен зеңбірек нысанашылары қатысты. Оларға броньды техника әскери көлігімен бес шақырым жолдағы кедергілермен жүріп, сыннан сүрінбей өту міндеттелді. Бастысы өзара түсіністік пен байланыс мықты болуы керек,- дейді экипаж мүшелері Айта кетейік, байқауға қатысушылардың барлығы төрт өңірлік қолбасшылықтарында жеңімпаз атанған үздік әскерилер.

Бұралаңы мен кедергілері көп жолға Павлодардағы 6679 әскери бөлімінен келген 4-ші номерлі экипаж мүшелері бірінші болып шықты.Алда бес шақырымдық жол жатыр.Броньды тасымалдаушы техника су құйылған шұңқыр мен биік жотаға көтеріліп,құздағы көпір мен мина қойылған алқапты да басып өтті.

Руслан Шамшит, экипаж командирі
– Атыс пен жүру бірге болады. Мысалы, алдыңғы жарыстарды атыс жеке жүру бөлек болатын. Қазіргі жол жүру бағытымыздың ара қашықтығы 5 шақырым.

Қуандық Айткенов, механик-жүргізуші
– Мысалы үшін БТР-мен біз судан өтеміз. Одан кейін колейный мост солардан өтеміз. Осындай кедергілерден өтуөзімнің талантымды, БТР мен жүру және өзімнің кез-келген кедергіден өтуге ықпал етеді.

Экипаж мүшелері БТР-мен түрлі бөгеттерден, судан мүдірмей өтіп, шеберліктерін байқатты. Тіпті тұрғын үйлерден атылған оқтар да әскери көліктің жолын бөгей алмады. Әскери көліктің орташа жылдамдығы сағатына 80-90 шақырымды құраған. 8 доңғалақты ауыр техника барлық кедергілерді басып өтіп, нысана ату орталығына келіп жетті. Бұл жерде ұландарға арнайы оқтар берілгеннен кейін, олар оқ өтпейтін техника мен жаяу әскердің көзін жойды. Калашников пен ірі колибрлі Владимиров зеңбіректерімен 600 және 300 метрлік жердегі нысананы дәлдеп, мергендіктерін дәлелдеп шықты. Нысанадан мүлт кеткендері де, уақыт жоғалтқандары да болды. Бастысы әскерилер жоғары шеберліктерін көрсетті. Бұл біздің күнделікті жұмысымыз. Сондықтан сайыста кеткен кемшіліктеді болашақта жібермеуге тырысамыз,-дейді Ұлттық Ұлан басшылығы .

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4DBM_dpPVGs[/youtube]

Сағатбек Нұрахметов, ҚР Ұлттық Ұлан Қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары
– Біздің ең басты жұмысымыз сарбаздарды дайындау. Өзінің алдына қойған мақсатын орындауға дайындық жүргізілуде. Бүгін соның ең үздік дегенінен қорытынды шығарамыз.Әрине бүгінгі сайыс көңілімізден шықты.Кемшіліктері де табыстары да бар.

Нысананы ату сынында сырттан келген қонақтар мүлт кетіп, біраз кемшіліктерге жол беріп алды. Тек «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерилері барлық нысаналардың көзін жойып, ең үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ межеге 11минут 10 секундта жетіп, ең үздік экипаж атанды.

Ал КамАЗ жүргізушілері өзара бес шақырым жолдағы барлық кедергілерден өту, шеберлігін көрсету бойынша өзара сынға түсті. Бәрі де , ешбір қателіктерге жол бермеуге тырысты. Себебі ереже бойынша барлық кемшіліктер есепке алынып, ұпайлары төмендетіледі. Бұл сыннан өту кез-келген қатысушыға оңайға соқпағаны белгілі. Өзгелерден озып шығу үшін олар жылдар бойы дайындық жүргізген.


Сайыс қорытындысы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы «Үздік БТР экипажы» деп танылса, КамАЗ жүргізушілері арасында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының старшинасы Сергей Колентьев «Үздік жүргізуші» атанды. Барлық жеңімпаздар құрметке бөленіп, бас қолбасшысының марапаты мен мақтау қағаздарына ие болды. Жалпы мұндай шаралар заманауи үлгідегі қару жарақтары мен техникасы бар Қазақ әскерінің бір адым алда келе жатқанын көрсетеді,- дейді ұйымдастырушылар.

Айнұр АҚБАЕВА