Той көлігінде оқ атқан жігіт ұсталды

140

Шымкентте жас жұбайлардың серуенінде оқ атқан жігіт ұсталды. Қалада прокурорлар мен полиция қызметкерлерінің біріккен рейді өтіп жатыр. Соның барысында тәртіп сақшыларына қала көшелерінің бірінде жас жұбайларды қыдыртып жүрген көліктердің бірінен Калашников автоматынан оқ атылғаны жайлы суыт хабар түседі.

020

Әл Фараби аудандық прокуратурасы мен полиция бөлімінің шұғыл тобының қызметкерлері кортежді тоқтатып, күдіктіні ұстады. Ол — Lexus LX 570 көлігінің жүргізушісі болып шыққан. Оның көлігінің ішінен Калашников автоматына ұқсайтын «Сайга» қаруы табылды.

019

Бұған қоса жүргізушінің ешқандай құжаты болмай шыққан. Қазір оның жеке басы анықталу үстінде. Қару тәркіленіп алынып, баллистикалық сараптама тағайындалды.

Ал жүргізуші қамауда жатыр. Оның үстінен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.